Қазақстандық студенттер карантин кезінде қалай білім алуда?

02.04.2020 17:35 1261
Қазақстандық студенттер карантин кезінде қалай білім алуда?

Қашықтықтан оқытудың басты мәселесі-алыс ауылдардан келген студенттердің интернетке қолжетімділігі шектеулі, ал кейбіреулерінде тіпті компьютер жоқ.

Коронавирустың таралуына байланысты қазақстандық студенттер енді қашықтықтан білім алуда. "Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін барлық педагогтар мен студенттерге электрондық платформаларға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Құрал ретінде бейне сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар қолданылады. Оқу-әдістемелік кешендерді, тестілерді, сандық білім беру ресурстарын және т.б. жүктеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде", – деді Асхат Аймағамбетов.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары бұрынғысынша өз міндеттерін қашықтан режимде орындауы тиіс. БҒМ жақын арада тегін жұмыс істейтін келесі платформалар мен сервистерге кеңес береді:

  1. Sova.ws;
  2. Smart community;
  3. Smartnation;
  4. College.Snation;
  5. BilimLand;
  6. Білімал;
  7. Paragraph Bilim;
  8. Kundelik.kz;
  9. Platonus;
  10. BilimAl;
  11. Dales;
  12. Mektep.edu;
  13. I-mektep.kz;
  14. Daryn.Online;
  15. College Smartnation;
  16. "Сириус";
  17. "Универ";
  18. "Деканат";
  19. ПГУ;
  20. "Электронный ректорат";
  21. EUniver;
  22. ВКГТУ;
  23. МУИТ;
  24. Uninet.