ТжКБ білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау

Келесі құжаттарды тіркеуді қажет етеді:
Ауысу:
1.Білімгер бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға ауыс жатса:
   -Ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі;
2. Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау:
   -Меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт)
   -ҚР-да нострификациялау рәсімінен өтетін білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат
   -Шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері.
3.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға ауысқанда:
   -басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон
Қайта қабылдау:
1. Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына
   -Білімі аяқталмаған туралы анықтама
2. Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда
   -Ақылы негізде оқитындар үшін, ақысы төленбегендіктен семестр ішінде оқудан босатылған, төлем бойынша қарызды өтеу туралы құжат
* Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
  • 2.1 шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
  • 2.2 азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • 2.3 босқын – босқын куәлігі;
  • 2.4 пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • 2.5 оралман - оралман куәлігі
 

Ауысқыңыз немесе қайта қабылданғыңыз келген колледжді таңдаңыз