Тегін тамақтандыруды ұсыну

Келесі құжаттарды тіркеуді қажет етеді:
1. Көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;
2. Қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі(жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін);
3. Мүгедектігі туралы анықтама (мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін) немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін);
4. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама (атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін);
5. Алынған табысы туралы анықтама (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін)
6. Оқу орнына қабылдау туралы бұйрық (білікті жұмысшы кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша(Еңбек) білім алатын студенттер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау шеңберінде оқитын студенттер үшін)