Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Келесі құжаттарды тіркеуді қажет етеді:
1. Тегі(аты, әкесінің аты(болған жағдайда)) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда, білім туралы құжаттың түп нұсқасы қоса беріледі.
2. Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
  • 2.1 шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
  • 2.2 азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • 2.3 босқын – босқын куәлігі;
  • 2.4 пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • 2.5 оралман - оралман куәлігі